Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Апатқа ұшыраған ұшақта үш бала болған

12.02.2018 | 15:09

 

Ұшақ апатынан қаза тапқан 71 адамның ішінде экипаждың алты мүшесі және үш бала болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардыңүлкені 17 жаста, екіншісі – 13 жаста, үшіншісі – бес жаста болған. Орынбор облысы билігі 12 ақпанды Аза тұту күні деп жариялады.

Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Мәскеу түбінде болған ұшақ апатын тергеуді аса маңызды істер жөніндегі басқармаға тапсырған.

Ан-148 жолаушы ұшағында 71 адам болған. Ұшақ өткен жексенбі күні Домодедово әуежайынан Орск бағытына ұшып шыққаннан кейін, бірнеше минөттен соң Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында апатқа ұшыраған.

Ресей бас прокуратурасы ұшақ тиесілі болған "Саратов әуе жолдары компаниясын тексеріп жатыр.

23422A12-D089-4FAD-B305-CBE0F0C2074B w1023 r1 s

 
Көрілді: 849
Жаңартылған: 12.02.2018 | 15:12
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар