Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Полиция ОҚО-да орын алған аса ауыр қылмысқа қатысты мәлімет таратты

12.02.2018 | 09:38

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті ел арасында үлкен резонанс туғызған қылмысқа қатысты мәлімет таратты. Жуырда Шымкенттегі үйлердің бірінде анасы мен оның екі ұлының мәйіттері табылған болатын.  

- 2018 жылдың 8 ақпанында кешкі уақытта Шымкент қаласы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіттердің табыланы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер үш адамның мәйітін анықтады, олар 50-55 жас шамасындағы әйел және 22 және 13 жастағы екі жас баланың мәйіті болып шықты. 
Аталған жайт СДТБТ-не тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі таңда ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті тұлғаларды анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды өткізуде,-деп хабарлады 
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

d4787dd5e343f0770fca324ff3790833 XL

 
Көрілді: 1062
Жаңартылған: 12.02.2018 | 09:43
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар