Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ерлан Біләлге сот үкімі шықты

07.02.2018 | 18:59

 

Алматыдағы Әуезов театрының экс-директоры, пара алды деп айыпталған Ерлан Біләлға сот үкімі шықты.  Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми сайты хабарлады.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Е.Біләл Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімінде және 366-бабының 2-бөлімінде көрсетілген қылмысты жасады деген айыппен кінәлі деп танылып, оған алған парасының 35 еселенген мөлшерінде, яғни 52 500 000 теңге айыппұл салынды және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен бірге Президентке Е.Біләлді «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы мен «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс жолданды.

Үкім әлі күшіне енген жоқ. 

photo 44324

 
Көрілді: 954
Жаңартылған: 07.02.2018 | 19:05
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар