Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Қалаулымда" табысқан орыс жігіті мен қазақ қызы тойға дайындалып жүр

02.02.2018 | 13:56

Көпшіліктің қызу талқысына түсетін "Қалаулым" бағдарламасында ерекше жұп байда болды. Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр.  

    Динара бағдарламаға қатысушы ретінде, ал Алексей үміткер ретінде осы жылдың басында көңіл жарастырды. Алексейдің екі жарым жасар ұлы бар, ажырасқан. Дегенмен, екеуі бір-бірін бес жылға жуық таниды, бірге жұмыс істейді, осы уақыт аралығында жай ғана достар ретінде араласқан. Динара Алексейдің өткен өмірі туралы жақсы білген және оған ешқандай қарсылығы жоқ. Алексей «Динара маған келісім берсе, қазақ тілін үйренемін», - деп уәде берді.

26274078 1408646505929505 1530195567940993024 n

Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірді" Ал Динараның анасының келісімін Алексей тікелей эфир барысында алған болатын. «Ана ретінде қарсы емеспін, бәлкім бұл қызымның бақыты шығар, мен оған қарсы бола алмаймын», - деді эфирге тікелей хабарласқан анасы.

Жұп болып жүре бастаған кезде Динара Алексейге жасының келіп қалғанын, бала тууға асығатынын, сонымен қатар үйленуді тездету туралы да айтып өткен.

Динараның ойынша, адамды дінге, ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Олардың өзара келісімдері бойынша некені екі діннің де салты бойынша емес, заңды түрде ғана қияды.

 
Көрілді: 951
Жаңартылған: 02.02.2018 | 14:08
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар