Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

15 адам көшеде қатып қалды

01.02.2018 | 11:24
 15 адам көшеде қатып қалды

   Бішкекте қатты аяздан кем дегенде 15 адам қайтыс болды. Мұндай мәліметті Қырғызстанның ішкі істер министрлігі таратты.

    1-25 қаңтар аралығында сот сараптама орталығының анықтауынша, Бішкекте 15 адам үсіп өлген. Олардың барлығы үйсіз, күйсіз жүрген азаматтар. Милиция жасағы рейд кезінде қала көшелерінде қатты жаурап қалған  85 адамды әлеуметтік орталықтарға жеткізген.
Аязға байланысты қаланың барлық аудандарында үйсіздерге арналған орталықтар жұмыс істеуде. Олар азаматтарды тәулік бойы қабылдап, оларға ыстық тамақ, жатар орын береді. Осы аптада Қырғызстандағы аяз -45 градусқа дейін жетеді деген мәлімет бар. Елдегі мектептерде сабақ беру тоқтатылды.

Қатты суыққа байланысты Қырғызстан Қазақстан мен Өзбекстанға электр энергиясын экспорттауды шектеді. Себебі қатты суыққа байланысты елдің өз ішінде электр қуатын тұтыну күрт артып. 

b8720c91c0535bc60b83e7b3df65f260 resize w 520 h

 
Көрілді: 731
Жаңартылған: 01.02.2018 | 11:57
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар