Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тоқтар Төлешовтың досы президент болып сайланды

29.01.2018 | 10:08
Тоқтар Төлешовтың досы  президент болып сайланды

 

  

Өзбек кәсіпкері, Өзбекстанда қылмыс әлемі жетекшілерінің бірі болып саналатын Гафур Рахимов AIBA – Халықаралық бокс қауымдастығы президентінің міндетін атқарушы  болып сайланды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.

Мұндай шешім өткен сенбі күні Франко Фальчинелли қызметінен кететінін мәлімдегеннен кейін белгілі болды. AIBA-ның жаңа президентін сайлау биыл қараша айында Мәскеуде өтеді.

27 қаңтарда Халықаралық бокс қауымдастығының конгресінде АҚШ қаржы министрінің «қара тізіміне» ілінген Гафур Рахимов AIBA-ның атқарушы президенті болды.

67 жастағы Гафур Рахимов танымал өзбек кәсіпкері. Ол сонымен бірге Азиялық бокс федерациясының вице-президенті. Ол 1998 жылдан бері AIBA атқарушы комитетінің мүшесі. 2002 жылдан 2012 жылға дейін бұл ұйымның вице-президенті болып келді.

2012 жылы АҚШ қаржы министрі Гафур Рахимовқа «Орталық Азияда есірткі өнімімен айналысады» деген айыппен қаржылық санкция салған. Ол Өзбекстаннан 2010 жылы кеткен. Содан бері Дубайда тұрады.

Қылмыс әлемінде «Қара Гафур» деген атпен танымал Г.Рахимов атышулы шымкенттік бизнесмен , мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен ұзақ жылға сотталып кеткен Тоқтар Төлешовпен жақын араласқан көрінеді.

Кейбір ақпарат құралдары Төлешовтың «қара Гафурдың» көмегімен Өзбекстанда «Шобыт» деп аталатын қонақ үйді, зауыт пен фабриканы алып, өзбекстандық бір банктің ірі акционері атанғанын жазған болатын. 

gafur

 
Көрілді: 1081
Жаңартылған: 29.01.2018 | 12:58
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар