Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ең көп суицид Оңтүстік Қазақстанда тіркелген

25.01.2018 | 10:43

     Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева балалар суицидін болдырмау мақсатында балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу және заңға тартылған балалардың мәселелерін шешу үшін екі коммуникациялық жобаның басталғанын жария етті. Коммуникациялық кампания Қазақстанның алты облысында, атап айтқанда Астана мен Алматы қалаларында, ШҚО, ОҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жүргізіледі.

     -Аталған өңірлерді тектен-текке таңдап отырған жоқпыз. Балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайын нақты санмен айтып бере аламын. Маңғыстауда бір жағдай, Қызылордада бес жағдай тіркелген. Бүкіл Қазақстанда 167 жағдай орын алған. Суицид жағдайының ең көбі Оңтүстік Қазақстанда тіркелген. Жобаға Алматы мен Астананы таңдап алған себебіміз - екеуі де флагман. Жағдай тұрақты болса да, екі ірі қалада қайғылы жағдайлар тіркеліп тұрады, - дейді Зағипа Балиева Астанада өткен жиында.

Оңтүстік Қазақстан облысы балаларға қарсы зорлық-зомбылық жағдайы бойынша да көш басында келеді.

     -Ең көп қайғылы жағдай бұл санатта да ОҚО-да тіркелді. Ол өңірде ең көп халық пен балалар тұратындықтан, біз осы жобаларға Оңтүстік Қазақстанды қосып отырмыз,-дейді Мәжіліс депутаты. 

 
Көрілді: 942
Жаңартылған: 25.01.2018 | 10:48
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар