Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстікке қатты аяз келе жатыр

24.01.2018 | 11:23
Оңтүстікке қатты аяз келе жатыр

 

Қазақстанның солтүстігі мен шығысын қысқан қатты аяз біртіндеп оңтүстік облыстарға келе жатыр. Ауа райын болжаушылар ертеңнен бастап Шымкент қаласында температураның -18-20 градусқа дейін төмендейтінін айтуда. Облыстық гидрометорталығының ақпаратына сілтеме жасаған жергілікті «Отырар» телеарнасының хабарлауынша, теріскейде температура -35 градусқа жетуі мүмкін.

- 26-29 қаңтарда Шымкентте ауа температурасы күрт суып, -18-20 градусты көрсетеді. Облыста әсіресе, қатты аяз Арыс пен Түркістан қалаларында, ал температураның ең қатты төмендеуі Созақ ауданындағы Тасты ауылында болады. Облыста соңғы рет ең қатты суық осы Тасты ауылында 1969 жылы ақпан айының үшінші онкүндігінде тіркелген,-дейді «Қазгидромет» ОҚО филиалының инженер-синоптигі Арай Маханова.

Ауа райын болаушылар сонымен бірге облыстағы Одаман, Шақпақбаба асуларында секундына 23-28 метрлік ұйтқыған жел тұратынын айтып отыр. 

dbd24791e6ac856207b2380eeb958e45

 
Көрілді: 601
Жаңартылған: 24.01.2018 | 11:27
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар