Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ақтөбедегі оқиғадан кейін автобустар жаппай тексеріледі

23.01.2018 | 10:34
Ақтөбедегі оқиғадан кейін автобустар жаппай тексеріледі

 

18 қаңтар күні  Ақтөбе облысында жолаушылар автобусында болған өрттен 32 Өзбекстан азаматының қаза табуына байланысты Көлік комитетінің инспекция қызметкерлері мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бірлесіп, «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізуді бастады.

-22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында өтетін жедел-профилактикалық шара аясында ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдайтын көліктер мен жүргізушілер тексерілетін болады. Жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың және таксилердің техникалық ақауы болса әрі қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда, көлікті одан әрі пайдалануға тыйым салатын шаралар қабылданады», - деп атап өтілген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
Көрілді: 451
Жаңартылған: 23.01.2018 | 10:35
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар