Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Елбасыға еліктеп, екі тілде сөйлемек болған Шымкенттің әкімі ұятқа қалды

22.01.2018 | 15:59
Елбасыға еліктеп, екі тілде сөйлемек болған Шымкенттің әкімі ұятқа қалды

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжановтың есеп беру жиынында сөз алған тұрғындардың бірі әкімге 100 пайыз қазақ тілінде сөйлеп, орыс тіліне орын бермегені үшін реніш білдірген.   

– Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан 2 тілде сөйлейді. Әкімдік мемлекеттік мекеме болып табылады. Құрметті аудан әкімі, сіз Конституцияның бір бабын бұздыңыз, — деген тұрғын жиында. Бұл туралы rgmedia.kz сайты хабарлады.

Жиынға қатысқан Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев осы үшін Бауыржан Қалжановқа ескерту жасаған. Шымкент әкімінің пікірін аталған сайт қаз-қалпында жария етті. Сауранбаев былай депті:

– Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношений доступность информации и Конституционная права они должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан 10 балный система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать.

Screenshot 2

 
Көрілді: 926
Жаңартылған: 22.01.2018 | 16:03
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар