Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ерлан Біләлдің ісі сотқа түсті

17.01.2018 | 17:06

 

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директоры Ерлан Біләлдің ісі сотқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ерлан Біләлға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған іс Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына түсті", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер. Соттың мәліметінше, Ерлан Біләл "Сезам" қоғам қайырымдылық-шығармашылық қорының жетекшісінен 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында бірлескен театр қойылымдары жайлы құжатқа қол қойдыру үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Осыған дейін Ерлан Біләлдің 1 205 000 теңге кепілмен босатылғаны хабарланған еді.

photo 43810

 
Көрілді: 807
Жаңартылған: 17.01.2018 | 17:09
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар