Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мал базарына барсаңыз, "алик, маликтен" сақ болыңыз

15.01.2018 | 16:59
Мал базарына барсаңыз,



Шымкенттегі мал базарында әлдебір азаматтар келушілерге құмар ойын ойнатып, тұрғындардың қалтасындағы ақшасын алаяқұтық жолмен иеленуге көшкен. ОҚО ІІД мемлекеттің тіл және ақпарат басқармасының таратқан мәліметіне қарағанда,  Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне 1967 жылы туған жергілікті тұрғын арызданған. Ол мал базарлардың бірінде белгісіз тұлға алаяқтық жолмен одан 140 мың теңгесін алғанын көрсеткен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190 «Алаяқтық» бабымен СДТБТ-не тіркелген. 
Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде 1992 жылы туған Сайрам ауданының тұрғынын ұсталды. Полицейлердің анықтауынша 25 жастағы алаяқ базарға келушілерді ұтыс ойынын ойнауға тартып, шардың қайда орналасқанын табуды ұсынып, осындай алаяқтық жолмен ақшаларын алып кеткен. Тергеу барысында күдіктінің екі алаяқтық жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден астам болып отыр.
Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша «алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
-Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Алаяқтардың қулығына алданып қалмас үшін, барлық адамдарға сене бермеңіз.
Егер де Сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабар беріңіз,-деп хабарлайды полицейлер.

254879658471254

 
Көрілді: 520
Жаңартылған: 15.01.2018 | 17:02
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар