Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ақмола облысында киіктерді қорлады деген күдіктілер анықталды

11.01.2018 | 11:03
Ақмола облысында киіктерді қорлады деген күдіктілер анықталды

Полиция Ақмола облысында киіктерді қорлады деген күдіктілерді анықтады. "Бірнеше күдіктінің аты-жөні анықталды.

Олар - Астана қаласының тұрғындары. Толығырақ мәліметті оларды ұстап, жауап алғаннан кейін айтамыз", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Facebook желісінде белгісіз біреулердің киіктерді қорлап жатқаны түсірілген видео таралған еді. Видео кадрларына қарағанда, оқиға 1 желтоқсанда Қорғалжын қорығының аумағында болған. Сондай-ақ, полицейлердің "Заңсыз аң аулау" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланған еді.


 
Көрілді: 204
Жаңартылған: 11.01.2018 | 11:11
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар