Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Бала жоғалды» деп жалған ақпарат таратқан ұсталды

18.12.2017 | 10:39
«Бала жоғалды» деп жалған ақпарат таратқан ұсталды

 

Павлодарлық полицейлер бала жоғалды деп жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жедел іздеу іс-шарасының нәтижесінде әлеуметтік желілерде Ақсу қаласында кәмелеттік жасқа толмаған баланың жоғалғандығы туралы жалған ақпарат таратқан 38 жастағы күдікті әйел ұсталды», - деді ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзумова. Оның сөзіне қарағанда, сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жалған ақпаратты «WhatsApp» месенджері арқылы  Екібастұз қаласында тұратын апайына жіберген. Ұсталған әйел Ақсу қаласының Қалқаман кентінде тұрады. Бұған дейін сотталмаған. Кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, баланың жоғалғандығы туралы жалған ақпарат 15 желтоқсанда тараған.

 
Көрілді: 616
Жаңартылған: 18.12.2017 | 10:40
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар