Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Елбасы Құман Тастанбековтің туыстарына көңіл айтты

17.12.2017 | 20:32
Елбасы Құман Тастанбековтің туыстарына көңіл айтты

 

Елбасы Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің дүниеден өткеніне орай көңіл айтты. Жеделхатта Қ.Тастанбековтің отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетіліп, «оның жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін», - делінген.  

1513517252

 

 
Көрілді: 827
Жаңартылған: 18.12.2017 | 10:42
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар