Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Талғар тұрғыны 13 жастағы қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

24.11.2017 | 11:43
Талғар тұрғыны 13 жастағы қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

   Алматы облысында әйелін қызғанған ер адам 13 жастағы қызының көзінше жұбайын пышақтап тастады деп хабарлайды өңірлік ІІД. 

       Полициядағылардың айтуынша, 21 қараша күні көпқабатты үйлердің біріне жедел жәрдем бригадасы келген. Олар жас келіншектің өлімін тіркеп, оның пышақтап өлтірілгенін анықтаған.

     Анықталғандай, жедел жәрдемді қайтыс болған әйелдің қызы шақырған.

Полиция қызметкерлері мас күйіндегі әйелдің күйеуін құрықтаған. Ол мас болғанына қарамастан, қылмыс жасаған пышақты тығып үлгерген. Алайда полиция қызметкерлері оны тауып алған.

   «36 жастағы әйел қайтыс болған. Кісі өлтірді деген күдікпен оның күйеуі ұсталды. Оны қылмыс жасауға итермелеген қызғаныш сезімі болуы мүмкін. Қылмыс жасалған зат анықталып, дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды. 99-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қамауға алынған ер адам қылмысын мойындап, қамауға алынған.

Отбасылық жұп төрт баланы тәрбиелеп жатқаны белгілі болды. Тиісті органдар оларға қамқор болу жағын ойластыруда

 
Көрілді: 613
Жаңартылған: 24.11.2017 | 11:58
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар