Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әбдірахымов қарамағындағылардың қанша жалақы алатынын айтты

20.10.2017 | 15:04

20170314193307

Соңғы кездері қызметтік көлігін қаңтарып тастап, жұмысына қоғамдық көлікпен қатынауға көшкен Шымкенттің әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов ақпарат құралдарының жұлдызына айналды. Алайда әкімнің өзі бұдан сенсация жасаудың қажеті жоқ екендігін айтып отыр.

Журналистерге берген сұхбатында ол қоғамдық көліктегі проблемаларды бұған дейін білетінін, автобустардың қызметін одан әрі жақсарту үшін бәрін өз басыңнан өткізу қажеттігін айтты. Әкімнің сөзінен түсінгеніміз, қаңтарылып тұрған қызметтік көліктерден үнемделген ақша әкімдіктегі қарапайым қызметкерлерге сыйақы ретінде беру жоспарланыты.

-Әкімдікте істейтін қарапайым мамандар, бөлім басшылары 50-60 мың теңгенің көлемінде жалақы алады. Бізде басшылар ғана 100 мың теңге алады,-деді Шымкенттің әкімі. 

 
Көрілді: 3447
Жаңартылған: 20.10.2017 | 15:06
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар