Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қуандық Бишімбаев қылмысын тоғыз айдан бері мойындаған жоқ

20.10.2017 | 10:00

20170709014716183 big

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының брифингі өтті. Жиында Ұлттық бюро Департамент басшысының орынбасары Олеся Кексель сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тергеу барысы және нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz.

 Ұлттық бюро 2017 жылғы 9 айдың жұмысын қорытындылады.

«Бишімбаев ісіне қатысты 23 күдіктінің үшеуі ғана қылмысын мойындаған жоқ. Олар Бишімбаевтың өзі, оның ағасы мен құрылыс компаниясының бір қызметкері. Дегенмен, олар өздерін қорғауда нақты дәлел келтіре алмай отыр. Келтірілген шығынға келсек, 366 млн теңге пара ретінде алынған. Бұл қаржы толығымен республикалық бюджетке қайтарылды», - деді Кексель.

Олеся Кексельдің айтуынша, Қуандық Бишімбаев алған парасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Мəселен ол Астана маңындағы Қосшы ауылында 500 шаршы метрлік үй салған. Оның құны 400-500 мың долларға бағаланып отыр. Ол парасының бір бөлігін осы үйіне жұмсап отырған.

Еске сала кетсек, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев биыл қаңтарда сыбайлас жемқорлық қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, қызметінен босатылған болатын.

 
Көрілді: 376
Жаңартылған: 20.10.2017 | 10:05
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар