Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО-да тағы бір шенеунік ірі көлемде парамен ұсталды

18.10.2017 | 18:12

5807B4B6-FCDC-446C-BDBB-5F1DC23949AC w1023 r1 s

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы әкімінің орынбасары 3,5 млн теңге пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның облыстық департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департаменттің мәліметінше, 16 қазан 2017 жылы Берік Қыстаубайұлы Қнатов аударылған  соманың 15 пайызын пара ретінде алу кезінде ұсталған. Ол қазір Түркістан Қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысына жабылды.  Берік  Қнатов, әкімдікте экономика және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық саласын қадағалаған. Сондай-ақ әкімдікке қарасты кәсіпорындардың жұмысын бақылаған. Шенеунік осындай жауапты салаларды қадағалай отырып, қызметтік өкілін теріс пайдаланған деп күдіктеліп отыр.  «2020 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер мекемелерден заңсыз үлесін алып келген болса, 3,5 млн теңгені әкімдікке бағынышты құрылыс компаниясынан алған.     

 

 
Көрілді: 1063
Жаңартылған: 18.10.2017 | 18:21
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар