Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Болат Назарбаев баспанаға мұқтаж жандарға үй салып берді

02.10.2017 | 09:41
Болат Назарбаев баспанаға мұқтаж жандарға үй салып берді

       Болат Назарбаев баспанаға мұқтаж 17 отбасына үй салып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үлкен мерекелік шара Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында болды. 

5585

 

Тұрғын үйлер тұрмыстық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Су жаңа үйлердің кілтін Болат Назарбаев өз қолымен тапсырды. 
       Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауыл тұрғындарының алдында сөз сөйлеп, осындай қайырымдылық шара үшін алғыс білдірді.  "Біз бүгін қиындықтарға тап болған адамдарға үйдің кілтін тапсырып отырмыз. Бұған ел азаматы, халқын еріксіз сүйетін және елінің патриоты себепкер болып отыр. Мен Болат Әбішұлына алғыс білдіремін. Мұндай игі істер ешуақытта ұмытылмайды. Осылайша 2010 жылы Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жиырма үй салып берді. Мұндай іс біздің облыста бірінші рет болып отыр", - деді Амандық Баталов.
      Жаңа қоныстың иесі атанғандар бұл қуаныш жайлы таяуда ғана білгендерін айтады. Біреулер үшін бұл күтпеген жағдай болды. Олардың бірі - Нұрқанат Көксегенов он жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келіпті. Нұрқанат әртүрлі салада жұмыс істейді, отбасында екі бала бар. Үй салу оның орындалмас арманындай болып кеткен. 
Жеті баланың анасы - Бақыт Иманғалиева бірнеше жылдан бері өз үйім болса деп армандайды екен. Әйел адам тапсырыс бойынша киім тігіп, көлік жуу мекемесінде де жұмыс істейді.

     Алматы облыстық әкімдігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары биыл сәуірде басталып, бес айдың ішінде толығымен аяқталған. Барлық үйге орталықтандырылған су құбыры, электр қуаты және газ тартылған. Әр үйдің көлемі - 120 шаршы метр. 
    "Жаңа үйлерді көмек ретінде "Туған жер" бағдарламасы бойынша меценаттар өз қалтасынан салып берген. 17 үйдің құрылысына Шамалған ауылына 124,5 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, тағы 35 миллион теңге инженерлік коммуникацияларға кеткен. Соның арқасында жақын жердегі тағы 75 үйге су тартылды", - деді Алматы облыстық әкімдігінің өкілдері. 

 
Көрілді: 1434
Жаңартылған: 02.10.2017 | 09:47
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар