Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО-да 11 полицей есіріткімен ұсталды

22.09.2017 | 10:13
ОҚО-да 11 полицей есіріткімен ұсталды

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 11 полицей және облыстық қылмыстық атқару жүйесінің бір қызметкері есірткі тарату бойынша күдікті деп танылып, қамауға алынған.

c91007343acf1ac9d16f81d73f361e47 L

 

Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Бұл туралы аймақта өткен құқық қорғау органдарының отырысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Хали Маматаев мәлімдеді. Жағдайдың мән-жайы әзірге тергеу амалдарына байланысты толық айтылмай отыр. Оның сөзіне қарағанда, былтыр осы саланың 15 қызметкері есірткі қолданып ұсталған. Олардың 12-сі полицей, үшеуі Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері болған.

 

Хали Маматаев,ОҚО прокурорының бірінші орынбасары: - 11 қызметкерді Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ұстаған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Ішкі істер департаментінің құрамында өзіндік қауіпсіздік басқармасы жұмыс жасайды. Соның жетеуі өздерінің қызметкерлері тарапынан ашылып отырған іс.


 
Көрілді: 2181
Жаңартылған: 22.09.2017 | 10:17
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар