Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Мажорлар" саябағы туралы не білеміз?

18.09.2017 | 14:44

       Астанада жастар арасында "Салта" аталып кеткен саябақты күндіз балаларын жетектеген аналар мекендесе, түнге таман қаладағы ең қымбат автокөлік иелері жиналады. Онда бай балалары бәрнеше миллион тұратын көліктері мен қымбат нөмірлерін көрсетіп, түрлі трюктар жасаудан жарысқа түседі.

maxresdefault

       Астанадағы бұл саябақ күндіз балалардың күлкісімен көңілді. Ал түнде бұл маң көліктердің гуілі ғана естілетін шулы орынға айналады. Себебі дәл осы жерге қымбат көліктерін көрсетіп, түрлі трюктар жасау және жай ғана бір-бірімен "сырласу" үшін бай балалары ағылады. Бұл көліктердің барлығы тек қана "VIP" нөмірлерді "тағынады". 

      Жастар бұл жерге тек қана мақтан үшін емес, көңіл көтеру үшін де келеді екен. Мәселен, дрифт деп аталатын тәсіл үшін олар қыруар ақша жұмсайды. Яғни, көлік жылдамдығын максималды көрсеткішке апарып, бір орында түрлі трюктар жасау. 

      Жастар көлігімен дрифт жасаған соң, автокөліктің қымбат дөңгелектері жарамсыз болып қалады. Он бес минуттан соң мұндай дөңгелекпен жүру мүмкін емес көрінеді.

Астаналық бай-бағландардың тек көлігі ғана емес, үстіндегі киімі де ондаған миллион тұрады. Мәселен,  жігіт бір пиджагының өзін бір миллион екі жүз мың теңгеге сатып алған. "Бұл менің сүйікті белдігім. Armani бренді. Небәрі 380 мың теңге тұрады. Мұндай белдік Қазақстанда тек менде ғана бар. Арнайы тапсырыспен қолтырауынның терісінен жасалған" - дейді ол.

       Ал Астанадағы ең қымбат түнгі клубта сымбатты жігіттер мен сылқым сұлулар бір түн ішінде бір студенттің жылдық оқу ақысын оп-оңай құрта салады. Бұл туралы клубтың қызметкері айтып берді."Бізге келетін қонақтар 40 мың тендеген үш жүз мың теңгеге дейін жұмсауы мүмкін. Кей кездері тіпті танымал әншілерді де шақырып, демалатындар болады. Олар бір түнде тіптен жарты миллионға дейін төлейді", - дейді ол.

 
Көрілді: 736
Жаңартылған: 18.09.2017 | 14:51
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар