Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мемлекет басшысы: Жастар нашақорлыққа бой алдырса, қатты қиналамын

15.09.2017 | 10:00
Мемлекет басшысы: Жастар нашақорлыққа бой алдырса, қатты қиналамын

  Ақордада журналистермен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың балалары нашақорлыққа бой алдырса, қатты қиналатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Nazarbaev-10-oktyabrya-2016-goda

Кездесу барысында журналист: «Қай кезде болмасын, аға буынның жастарға көңілі толмай жүреді. Сіздің президент және тұлға ретінде қазіргі жастар туралы пікіріңіз қандай?», - деп сұрақ қойды.

«Жас кезімізде бізге де үлкендердің көңілі толмайтын. Сондықтан бұл жерде не айтуға болады? Бұл жерде ешқандай жаңалық жоқ. Адамдардың барлығы аға буынның ізімен жүретін болса, ешқандай жаңалық та, алға жылжу да болмайды. Әр ұрпақ өзінің жолын табуы керек. Өз жолымен жүріп, заманына сай болуы қажет. Егер жастар қылмыс және басқа да теріс қылықтарға баратын болса, нашақорлыққа салынса, әрине оған (үлкендердің – автор) көңілі толмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

   Сонымен қатар мемлекет басшысы қазақ жастары есірткіге әуестенсе, қиналатынын жеткізді.

   "Мен қазақ балалары есірткіге салынса, ренжимін. Ешуақытта қазақтың тарихында ондай болған емес. Басқаларға еріп, жаман жаққа баратын болса, соған қатты қиналамын. Бұл да мемлекеттің қолындағы мәселе. Егер де жастар оқитын болса, өз ісімен шұғылданатын болса, басқаға уақыты болмас еді. Сондықтан мен жастарға жақсылық пен бақ тілеймін. Заман тыныш болып, жастардың жолы ашық болсын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 
Көрілді: 494
Жаңартылған: 15.09.2017 | 10:06
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар