Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Прокурор тоңазытқышта табылған сәбилерге қатысты сұмдық жайтты айтып берді

14.09.2017 | 10:48
Прокурор тоңазытқышта табылған сәбилерге қатысты сұмдық жайтты айтып берді

    Алматылық прокурор тоңазытқышта табылған сәбилерге қатысты сұмдық жайтты айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі Еуразия арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.

934630 291664994311963 284944010 n

   Бір жастан енді асқан сәбилерді өлтірген 29 жастағы Өзбекстан азаматы Имиль Иммудинов тергеушілерге бар шындықты жайып салған. 

Әйелі Анна Волченкомен азаматтық некеде тұрып, бірі жұмыс жасап бірі балаға қарапты. Имиль балаларды өлтіретін күні жұмыстан қатты шаршап келгенін және қылмысты әдейі жасағанын мойындады.

«Әйеліне "Үлкен баламен сыртқа шыға бер, мен қазір мына екі кішкентайды өлтірем, сосын кіргізесіңә деген. Ал, әйел үлкен баласын әдейілеп Самал мөлтек ауданына апарып тастап кеткен»,- дейді Алматы қалалық прокуратура басқармасының аға прокуроры Жасұлан Қонарбаев.

 

   Полицейлер болса үш жастағы ұлдың далада қаңғып қалғанына қуанып отыр. Себебі, жауыз ата-ана оны да өлтірулері мүмкін еді деп ойлайды.

Ал, қанды қол азамат егіздердің туған әкесімін деген. Тағы бір айтары, кеше тергеу барысында полицейлер күдіктінің қолына кісен салып, балалардың мәйіті табылған пәтерге апарған.

    Көршілердің айтуынша, тергеушілердің қолдарында пакет болыпты. Имиль Иммудинов сол жерде егіздердің көзін қалай құртқанын тергеушілерге тағы бір рет тәптіштеп түсіндіріп берген.

 
Көрілді: 28176
Жаңартылған: 14.09.2017 | 10:59
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар