Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Алматыда тоңазытқыштан екі бүлдіршіннің мәйіті табылды

12.09.2017 | 14:35
Алматыда тоңазытқыштан екі бүлдіршіннің мәйіті табылды

Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тоңазытқыш ішінен екі баланың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Қалалық ІІД ресми өкілі қайғылы жайттың орын алғанын растады. Оның айтуынша, Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан иістене бастаған 1,5 және 4 жастағы екі баланың денесі табылған. Көршілері хабарлағандай, бұған дейін бұл пәтерді үш баласы бар әйел жалдап тұрған. Әйелдің өзі 1 жастағы баласымен қайда кеткені белгісіз. «Қазір аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркеліп, сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа ақпарат тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді», - деді Салтанат Әзірбек.



 

 
Көрілді: 247
Жаңартылған: 12.09.2017 | 14:57
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар