Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрболат Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды

05.09.2017 | 15:12
Нұрболат Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды

21273361 370509240034968 1903553436973338382 o

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен ОҚО мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген Нурболат Ахметжанов конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы қызметіне кірісті.
Музей ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы әкеліп таныстырды. Бұл туралы жоғарыда аталған мұражай Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

 
Көрілді: 2071
Жаңартылған: 05.09.2017 | 15:15
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар