Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мұндай қатыгездікті адамзат Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін көрген жоқ

03.09.2017 | 18:21
Мұндай қатыгездікті адамзат Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін көрген жоқ

   Мьянманың батысында 400 мұсылманды азаптап өлтірген. Бұны Түркия басшысы Тайып Ердоған мен Шешенстан президенті Рамзан Қадыров "мұсылмандардың геноциді" деп атады.

  Аракандағы әскерилердің мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттері жиілей түскен. Ракхайн штатында екі мыңнан аса мұсылманның үйі өртелген. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мұсылмандарға қоқан-лоққы көрсетіп, оларды елден қуу үшін тұрып жатқан елді мекендеріне от қойып жүргендер – әскерилер.

    РИА Новости-дің хабарлауынша, барлығы 25 тамызда "рохинджа содырлары" Ракхайн (бұрынғы атауы Аракан) шататындағы бірнеше полция бөлімшесі мен казармасына шабуыл жасағаннан кейін басталған. Тәртіпсіздік әлі жалғасып жатыр.

   Мьянма әскерінің мәліметінше, 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содырдың" көзі жойылған. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам көз жұмған. Сонымен қатар содылар 14 бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталуда.

Қанды қырғыннан кейін 50 мыңнан аса адам көршілес Бангладешке барып бас сауғалаған.

0e7715dad6a35ddeae1f9d2e004cd844

Рохинджа – мұсылман дінін ұстанатын этникалық бенгалдар. Мьянма билігі мен халқы оларды лаңкестік ұйымдарды қолдайтын заңсыз мигранттар деп санайды. Сондықтан да оларға ел азаматтығы берілмей келеді.

     Осы мәселеге қатысты Түркия президенті Тайып Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаны "геноцид" деп атады.

"Демократия бетпердесімен жасалып отырған бұл геноцидке көз жұмып қарайтындар оның жақтастары болып табылады. Аракандағы адамдарға мән бермей отырған әлемдік БАҚ-та осы қылмыстың сыбайластары. Аракандағы мұсылман халқының саны осыдан жарты ғасыр бұрын төрт миллион болса, қудалау мен қантөгістің салдарынан үштен бірі ғана қалды. Бұл жағдайға әлемдік қауымдастықтың жұмған аузын ашпай отырғаны жеке бір драма", - деген Ердоғанның сөздерін Anadolu агенттігі келтірді.

Мьянмдағы ахуалға қатысты Шешен президенті де үнсіз қала алмады. Рамзан Қадыров Instagram-дағы парақшасында арнайы жазба қалдырып, бұл қанды қырғынды Екінші Дүниежүзілік соғыспен салыстырды.

 

«Мұндай қатыгездік адамзат Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін көрген жоқ.Бұны екі жантүршігерлік соғысты бастан кешірген мен айтып отырсам, бір жарым миллион мұсылман-рохиндердің қасіретінің қандай деңгейде екенін ойлай беріңіздер (…)

   Басқа қатыгез оқиғалар Мьянмадғы жағдаймен салыстырғанда түк емес. Жаппай кісі өлтіру, зорлау, адамдарды тірідей өрутеу, мұсылмандарға тиесілінің барлығын жою. Өткен жылдың күзінде мыңнан астам мешіт пен мектеп, үйлер қиратылып, өртелді.

   Мьянма билігі халықты жойып жіберуге барын салуда. Ал көрші мемлекеттер адамның күлкісін келтіретін жәрдемақы ұсынып, босқындарды қабылдағысы келмей отыр. Бүкіл әлем гуманитарлық апат болып жатқанын, мұның адамзатқа қарсы ашық қылмыс екенін көріп отыр, бірақ үнсіз!

Мьянмның буддалық билігі жаппай кісі өлімін мен рохинья геноцидін қарулы қарсылыққа қарсы күрес деп түсіндіріп отыр.

hqdefault

Зорлық қай жақта болмасын, біз оны айыптайтын боламыз. Алайда бір сұрақ туындайды тозаққа қудаланған халыққа басқа қандай таңдау берілген? Шешенстанда біреу түшкіріп қалса, күнінен екі рет мәлімдеде жасайтын ондаған мемлекеттің саясаткерлері мен құқық қорғау ұйымдары неге үнсіз?", - деп ашынды Қадыров.

Сол арада желідегілер Ракхайн шататында болған оқиғаның видеосын желіде жариялауда. 

 

 

 
Көрілді: 11994
Жаңартылған: 03.09.2017 | 18:32
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар