Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрмахан Жолдасов жаңа қызметке тағайындалды

29.08.2017 | 16:47
Нұрмахан Жолдасов жаңа қызметке тағайындалды

21-014

Жергілікті ақпарат құралдарында облыстық мәслихаттың депутаты Нұрмахан Жолдасовтың «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамедтің бұйрығымен партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғаны туралы мәлімет таратылды. Бұл қызметті бұған дейін атқарған Әлімжан Құртаевтың жуырда Сенат депутаты болып сайланғаны белгілі. Нұрмахан Жолдасов еңбек жолында Шымкент қаласы әкімдігінде бөлім басшысы, облыс әкімі аппараты қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы, Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының әкімі, Табиғи монополияларды реттеу агеттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы болып істеген.  2015 жылдан бергі аралықта «Нұр-Амир Инвест» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келген.

 
Көрілді: 1388
Жаңартылған: 29.08.2017 | 16:50
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар