Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Автобус он көлікті қағып кетті

23.08.2017 | 17:45
Автобус он көлікті  қағып кетті

     Астананың оң жақ жағалауындағы Кеңесары көшесінің бойында автобус онға жуық көліктің жол апатына түсуіне себепкер болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жол апатын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеода аталған оқиғаға қатты таң болған бойжеткен оны "тарихтағы ең үлкен жол апаты" деп атады.

1337948336 2

      Куәгерлердің айтуынша, жол апатына автобус кінәлі. Тежегіші істен шыққан қоғамдық көлік бірден бірнеше көлікті соққан. Нәтижесінде көліктер екпінмен бір-біріне соқтығысып қалды.

      Әзірге расталмаған ақпарат бойынша, зардап шеккендер бар - бірнеше адамды жедел жәрдем алып кеткен.

 

 
Көрілді: 2326
Жаңартылған: 23.08.2017 | 17:52
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар