Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Еліміздің бірқатар өңірлерін алдағы үш күнде жауын-шашынды ауа райы күтіп тұр

16.08.2017 | 15:21
Еліміздің бірқатар өңірлерін алдағы үш күнде жауын-шашынды ауа райы күтіп тұр

   Орталығы Мәскеуде орналасқан, антициклон, Қазақстанның көпшілік облыстарының ауа райына ықпалын тигізеді.

    Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жартысында жақын күндері жауын-шашынсыз ашық ауа-райы болады, сол уақытта солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс жартысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп хабарлайды Қазгидромет.

   Республиканың бүкіл аумағы бойынша ауа температурасы уақытша төмендейді: солтүстік жартысында температура түнде 5-12 градус жылы, күндіз 17-22 градус; оңтүстік жартысында түнде температура 10-17 градусқа дейін төмендеп, күндіз 25-35 дейін ысиды.

 
Көрілді: 831
Жаңартылған: 16.08.2017 | 15:24
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар