Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ресейде қазақтың алып баласы дүниеге келді

15.08.2017 | 17:31
 Ресейде қазақтың алып баласы дүниеге келді

Ресейдің Свердловск облысы Каменск-Орал перинаталдық орталығы алып балаға жүкті келіншекті кесар тілігінсіз өздігінен босандырып алды деп хабарлайды NUR.KZ .

   Алып балаға Руслан есімі берілді. Оның бойы – 64 сантиметр. Анасы Алмагүл Нысанова емханадан үйіне оралды. Екеуінің де денсаулық жағдайы жақсы.

   Алмагүл - Қостанай облысы Терентьевка ауылының тумасы. Өткен жылы ол Ресейге көшіп барып, кафелердің біріне жұмысқа орналасқан. Сол жерде болашақ жарымен танысып, балалы болды. Алмагүл әлі де Қазақстан тумасы екеніне қарамастан, дәрігерлер оны тегін босандырған.

     Қостанай облысының бас акушер-гинекологы Иван Янцен өңірде алты келіден асатын алып балалар соңғы жылдары дүниеге келмегенін айтты.

   Өткен жылы салмағы төрт келіден асатын 1440 бала, бес келіден асатын 12 бала дүниеге келген. Олардың ішіндегі ең алыбы - 5800.

   Алмагүл алып бала тууын ата-бабасының алып болуымен байланыстырып отыр. Оның анасы да үш баласын шамамен төрт келі салмақпен босанған екен. Ал Алмагүлдің тұңғышының салмағы - 4,150 келі.

 
Көрілді: 786
Жаңартылған: 15.08.2017 | 17:37
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар