Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

15.06.2017 | 09:14

  Алматыда белгісіз көлік жүргізушісі жаяу жүргінші қағып өлтірген. Соққының қатты болғаны соншалық, жаяу жүргіншінің денесі екіге бөлініп қалды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға шамамен түнгі сағат екілерде Райымбек даңғылы, "Жібек жолы "базары маңында болған.

  Батыс бағытқа қарай қозғалып бара жатқан белгісіз көлік әзірше аты-жөні анықталмаған ер адамды қағып кетеді.

Көлік ер адамды шамамен 10 метрге дейін сүйреп кеткен. 

Жүргіншіні қаққан көлік иесі оқиға орнынан жасырынып қалыпты.

 Апат орнынан автомобильдің бірде-бір сынығы табылмағандықтан, жүргіншіні үлкен көлік қаққан сынды деген болжамдар айтылуда.

Ер адамды қаққан маңдағы Көлік жөндеу орталығында бейнебақылау орнатылған. Енді соның көмегімен адам өліміне соқтырған жол апатының себепкерін іздестіреді.

 
Көрілді: 673
Жаңартылған: 15.06.2017 | 10:34
Категориялар: Басты оқиғалар, Оқиғалар