Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жезқазған маңына ракета бөлшегі құлады

15.06.2017 | 08:59

  Кеше WhatsApp желісі арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына ракета құлағаны туралы ақпарат тарады. Аталмыш хабарламаға қатысты Қазақстанның ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Иманқұловтың сөздерінше, ракета бөлшегінің құлағаны туралы факт расталған.

   Бірақ, аталған ракета бөлігі зиянды гептил отынына жатпайтын көрінеді.

"Ракета құлаған аймақта өрт болғандығы туралы хабар берілді. Жалынды ауыздықтау шаралары түнімен жүргізілген", - дейді Иманқұлов.

 
Көрілді: 635
Жаңартылған: 15.06.2017 | 10:22
Категориялар: Басты оқиғалар, Оқиғалар