Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Айтыскер ақын: Есен Елеукен мырза, көрерменге күлкі емес, үлгі керек

01.01.2019 | 14:19
Айтыскер ақын: Есен Елеукен мырза, көрерменге күлкі емес, үлгі керек

Айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы мәдениетсіз сөйлейтін Жайдарман ойыншыларын сынға алды. Жайдарман ойыншыларынан ұлттық арнаның атына кір келтірмеуін сұрады.

“Ұлттық арна. Жайдарман. Бір-біріне тек “ей, ей, ей”, “е, қуасың ба, е”, “е, жынды”,
“е, ей” деп сөйлейтін неткен дөрекі немесе мәдениетсіз КВН-шиктер бұлар? Сүзгі жоқ па, қазақы қарым-қатынас тілі бұларға жат па, Есен Елеукен мырза? Күлкі емес үлгі керек көрерменге. Осы постты жазғанша жеті рет “е, ей” деген қаратпа сөз естідім. Рас па, көрермен? Үн қосыңыз. Құлағымыздың жазығы не?! “Қазақстан” арнасын жақсы көремін, бірақ ҰЛТ деген ұлы сөзге кір келмесе”, – деп жазды Қайыртайұлы.

Желі қолданушыларының бірі бұл сөзді құптаса, бірі қарсы болды. Ойыншыларды ақтауға тырысты. Олар тек сын айтпай, мәселені шешу жолын ұсынуды сұрады.

“Мүмкін көп қолданылатында шығар. Бірақта мәселе айтуға шебер болмай, мəселенің шешілу жолын ұсыныңыз”, “Ит жоқта шошқа үреді қораға,би жоқта құл жүреді жораға” болып тұр қазақстанның жайы”, деп жазды қолданушылар.

 

stan.kz

 
Көрілді: 961
Жаңартылған: 01.01.2019 | 14:39
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет