Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Азамат Сатыбалды директорлыққа тағайындалды

27.12.2018 | 13:54
Азамат Сатыбалды директорлыққа тағайындалды

Азамат Сатыбалды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы болып тағайындалды. Актер бұл лауазымды қызметте Сәбит Әбдіхалықовтың орнын басты деп жазады NUR.KZ.

Азамат Сатыбалдының жаңа қызметке тағайындалуы жөнінде аталмыш театрдың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

"Бүгін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, тележүргізуші, продюсер Азамат Сатыбалды тағайындалды. Құттықтаймыз" , - делінген жазбада.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды 2001 жылдан бастап, Әуезов драма театрының актері ретінде жұмыс істеген. Оған қоса, әртіс көптеген отандық фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.

 
Көрілді: 1639
Жаңартылған: 27.12.2018 | 13:57
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет