Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Медеу Арынбаев: Мен қызығатын әйел жоқ дейсіз бе?

02.10.2018 | 14:46
Медеу Арынбаев: Мен қызығатын әйел жоқ дейсіз бе?

Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан кейін бүгінге дейін жүрек қалаулысын кезіктіріп, үйленген жоқ. Отандық танымал әнші жақында екінші мәрте шаңырақ көтеретіні туралы әңгіменің шетін шығарды. Ерекше адуыс иесі ұнататын қызы бар екенін де жасырмады деп жазады NUR.KZ.

Екінші рет үйленуге ниетті екенін айтқан Арынбаев қартайған шағын жалғыздықта өткізуден аулақ екенін жеткізді. Алайда әнші әйелінің қазасынан кейін қарым-қатынас құра алмай сәтсіздіктерге тап болған.

"Мен қызығатын әйел жоқ дейсің бе? Келіншек жоқ дейсің бе? Бар. Бірақ біреуінің басы бос емес, немесе түрлі себептер болып қалады. Кейбір маған ұнайтындары мені ұнатпай жатады. Жыным шығады сондай кезде." , - деді Арынбаев.

Оған қоса, әнші балаларын аяққа нық тұрғызбайынша үйленуге асықпайтынын айтты.

"Балаларымды аяққа тұрғызғанша той болмайды-ау. Соларды жеткізіп алайын, содан кейін өз жағдайыма да қарайласуға болады. Мен жалғыз қалмаймын. Қасымда әлдебір адам болады, оған сенімдімін. Бірақ қазір емес. Бала-шағасы ер жетіп кеткен біреу тауып аламын" , - деді ол.
Шоу-бизнес жұлдызы қанша іздеп тырысқанымен, көкейінен қаза болған әйелі кетпейтінін де айтып қалды.
 
Көрілді: 2640
Жаңартылған: 02.10.2018 | 14:51
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет