Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрлан Еспановтың ұлы Қазақстандағы ақылды адамдардың қатарына кірді

25.08.2018 | 15:21
Нұрлан Еспановтың ұлы Қазақстандағы ақылды адамдардың қатарына кірді

IQ Kazakhstan ұйымының мамандары Олжас Еспановқа шығарамшылық жолды таңдауға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

22 шілде күні IQ Kazakhstan ұйымы Қазақстанның үш ірі қаласында IQ тестілеуін жүргізді. Оған 2500-ден аса адам қатысты. 30 адам тесттен үздік нәтиже көрсетті. Олардың қатарында танымал әнші, сазгер Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов та бар.  Cattell шкаласы бойынша оның IQ деңгейі — 119.

IQ Kazakhstan мамандары Олжас Еспановқа шығармашылық жолды таңдауға кеңес береді. Себебі, осындай жоғары IQ деңгейі бар  дарынды азаматтар, негізінен өз-өзіне сенімді, табысты тұлғаларды құрайды. Ақыл-парасат — креативтіліктің негізі.

 
Көрілді: 3043
Жаңартылған: 24.08.2018 | 15:23
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет