Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жазира Байырбекова енді қыздарды тегін ұзатпақ

30.07.2018 | 11:15

Қыз ұзату тойларының ханшайымына айналған Жазира Байырбекова алдағы уақытта қайырымды іспен айналыспақ. Ол миллиондаған ақшаға әншілерді тойға шақыра алмайтын қыздарды тегін ұзатпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Байырбекова ұзатылар қыздардың тарапынан сұраныс көп түскендіктен, осындай қадамға барып отыр.

“Хабарландыру! Көпшіліктің сұрауы бойынша айына бір, екі рет материалдық жағдайы әншілерді шақыруға жетпейтін отбасындағы қыздардың ұзату тойына уақыт тауып атсалысамын. Бұған дейін де тегін барып ән айтып жүрген кездерім болған. Бүгін көп қыздардың арманы болған ұзатуға байланысты жазып отырмын. Бірақ, алдын ала xабарласып мазаламауларыңызды сұраймын. Тек бара алатын күні инстадан xабар беріп отырамын”, – дейді Жазира.

Байырбекова дәл бүгін, яғни 30 шілде күні Алматы қаласында тегін қыз ұзатуға дайын екенін жеткізді.

“Бәріне үлгермейтінім анық. Бір күнде тек екі қызды әніммен ұзататын уақыт таба аламын. Және кімді ұзатқанымды @zhazira_kyz_uzatu парақшасынан көрсетіп отырамын. 87013108939. Осы телефонға тек бүгін ұзатылатын болсаңыз ғана xабарласыңыз. көмекшілерімізді орынсыз мазаламауларыңызды сұраймын”, – дейді Байырбекова.

969696

 
Көрілді: 1843
Жаңартылған: 30.07.2018 | 11:21
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет