Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Асан Пердешов 15 жастағы қызға үйленді

26.07.2018 | 10:51

Отандық әнші Асан Пердешов екінші рет шаңырақ көтерді. Желі қолданушыларының айтуынша, әнші 15 жастағы қызды жар етіп алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Отыздан асқан сері жігіттің сүйген жарының есімі - Әнель. Ол 2003 жылғы. Желі қолданушыларының мәліметіне сүйенсек, бойжеткен биыл 9 сыныпты бітіріп, колледжге оқуға түскен.

Пердешовтің сүйіктісі де ән айтатын болып шықты. Олардың бірге орындаған әні де бар.

Әншінің көзі қырағы тыңдармандары Әнельдің тым жас екенін айтқанмен, оларға бақыт тіледі."Қыз кішкентай сияқты екен. Не болса да бақытты болыңыз" деді оқырмандар.

Айта кетейік, Асан Пердешов бірінші әйелі Назеркемен осыдан біраз уақыт бұрын ажырасып кеткен.

4261

 
Көрілді: 2534
Жаңартылған: 26.07.2018 | 10:58
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет