Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әкесімен бір портретте: Мәди Рымбаев ағасы Әлиге ерекше сыйлық жасады

23.07.2018 | 11:18

Бүгін елімізге белгілі әнші, музыкант Әли Оқаповтың туған күні. Өнер иесі 27 жасқа қадам басты. Күні кеше жақындары мен достары Әлиге тосын сый жасап, түнгі сағат 12-де құттықтаған, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

Інісі Мәди Рымбаев Әлиге ерекше сыйлық жасап қуантты. Ол Әли мен әкесі Тасқын Оқаповтың бір суретте бейнеленген портретін сыйға тартты. Мұны көрген Әлидің жүрегі елжіреп кетті. Портретке қарап біраз үнсіз тұрған ол кейіннен інісін құшақтап, оған алғысын білдірді.

Жантебірентерлік сәттің куәсі болған желі қолданушылары болса көздеріне жас алғандарын жазуда.

“Қандай тәрбиелі балалар, әрдайым осындай бауырмашыл болыңдар”, “Ең керемет сыйлық”, – деп жазды олар.

963

 
Көрілді: 2449
Жаңартылған: 23.07.2018 | 11:26
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет