Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әлішер Каримовке Кореяда 11 сағат бойы аса күрделі ота жасалды

18.07.2018 | 11:45

Танымал әнші Әлішер Каримов омыртқасына жасалған күрделі отадан соң алғаш рет сұхбат берді. NUR.KZ порталының Oybay Life бағдарламасында ол өзінің қанша жыл бойы күрескен дерті, Кореяда жасалған күрделі ота, шоу бизнестегі өзімен амандаспайтын әріптестері туралы ашық айтып берген.

Әлішер Каримов жасөспірім кезінен бастап күрделі дертке шалдыққанын айтады. Алайда ол елде дұрыс емделмей, ауруын асқындырып алған. Салдарынан мүлдем 50 градусқа бүгіліп қалып, концерттерден кейін қатты азапқа салынған екен. Асқынған дертіне әнші Корея елінде дауа тапқан. Корейлік дәрігерлер оған 11 сағаттық ота жасапты.

642

 
Көрілді: 2316
Жаңартылған: 18.07.2018 | 12:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет