Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этно-мәдени фестивалі

20.06.2018 | 12:31

23-24 маусымда Алматы қаласындағы «Боралдай» археологиялық паркінде  «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. Фестивальға Мажарстан, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы,Таулы Алтай, Өзбекстан, Якутия, Бурятия, Саха Республикасы және Қырғызстан елдерінің үздік өнерпаздары қатысады.

1506569831 festival 
Фестивальға жиналған халық көшпенділердің өткен дәуіріне саяхат жасайды. Түрлі іс-шаралар, викториналық ойындар мен сайыстардан сыйлықтар ұтып алып, қызықты шеберлік сабақтарына қатысып, көңіл көтереді. Мысалы, жігіттер күш сынасып, палуандар сайысына түссе, қыз-келіншектер ұлттық тағамдарды ескі тәсілдермен дайындаудың құпиясымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасында «Ең әдемі ұлттық киім» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.  
Биылғы фестивальдің былтырғы жылғы шараға қарағанда тағы бір ерекшелігі  – бәйге. Бас жүлдеге автокөлік тігіліп отыр. Сондай-ақ, садақ ату, жамбы ату, аударыспақ, палуандар сайысынан оза шапқан үздіктер де бағалы сыйлықтарға ие болады.
  
«Ұлы дала –көшпенділер әлемі» Халықаралық фестивалінде: 
 
● Көш шеруі 
 
●Этноауыл
 
● Ат құлағында ойнайтын шет елдік және қазақстандық шабандоздардың сан түрлі өнері
 
● Әлемнің және Қазақстанның ең үздік этномузыканттарының өнері
 
● Ұлттық ойындар: бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, асауға тұсау салу, теңге ілу, жамбы ату
 
● Ұлттық спорт: қазақ күресі
 
● Ұста, зергер, қолөнерші шеберлердің, ұсталардың  өнері
 
● Ұлттық тағамдарды дайындау мен қолөнерден шеберлік сабақтары
 
● Балалар алаңы 
 
● Алтыбақан 
 
● Жастар аймағы
 
●Құсбегілер, мергендер мен палуандар сайысы, отбасылық жарыстар
 
● Гала-концерт
  
Фестиваль  23-24 маусым күндері таңертеңгі сағат 10.00 – 19.00 аралығында өтеді.


Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай» археологиялық паркі. Тұрғындарды фестиваль аймағына жеткізу жағы да қарастырылған. «Орталық стадион» аялдамасы мен «Астана» алаңы және «Саяхат» автобекеті мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңынан әр 30 минут сайын арнайы автобустар жүреді. Фестивальға кіру тегін.
 
Байланыс телефоны: +7 701 3434371

Бұл – сіз бен біздің тарихымыз! Ұлы даланың мәңгілік дастанын бірге жырлайық!

 
Көрілді: 1604
Жаңартылған: 20.06.2018 | 12:36
Категориялар: Мәдениет