Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жұбайынан жастай айырылып, қайта шаңырақ құрмаған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

27.05.2018 | 12:07
Жұбайынан жастай айырылып, қайта шаңырақ құрмаған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Тағдырдың жазуымен жұбайынан жастай айырылған отандық жұлдыздар кімдер? Бүгінде олар екінші рет тұрмыс құрып, қайта үйленбестен, балаларын жалғыз өсіріп келеді. Арада қанша жыл өтсе де, некелі жарына адалдық таныта білген жұлдыздар жайлы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бұл тізімде қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаева да бар.

20

2005 жылдың 12 қарашасында Мақпал Жүнісова Құдай қосқан қосағынан айырылып қалды. Бұл уақытта қыздары Мерей 3 жаста болатын. Бүгінде әнші мен саясаткердің қызы 15-тен асты. Әнші қызының қайта тұрмысқа шығуға рұқсат бергенін, алайда өзі Заманбектей адамды қайта жолықтырмағанын мәлім еткен еді.

21

Роза Рымбаева күйеуі әрі демеушісі Тасқын Оқаповтан айырылып қалғанда үлкен ұлы қолында, екіншісін әлі босанбаған болатын. 42 жасында жұбайынан көз жазып қалған әнші Әли мен Мәдиді жалғыз өзі тәрбиелеп, өсірді. Халық әртісі осы уақытқа дейін жұбайына тең келетін адам таппағанын айта келе, бүгінде тұрмысқа шығуды емес, немере сүюді армандайтынын хабарлаған болатын.

22

Отандық әнші Абай Бегей де 2015 жылы жұбайынан қапияда айырылып қалған болатын. Әйелі Жанат қаза тапқалы әнші төрт қызын жалғыз тәрбиелеп келеді. Ол былтырғы жылы тұңғыш қызын ұзатып та үлгерді. Абай Бегей өзгелердің "Неге үйленбейсің?" деген сұрақты жиі қоятынын айтты. Алайда әнші балаларына ешкім туған анасындай бола алмайтынын жеткізді.

23

Медеу Арынбаевтың келіншегі осыдан жеті жыл бұрын қаза болған еді. 40 жасында әйелінен айырылған әнші екі баласын жалғыз өсіріп келеді. Сондай-ақ Арынбаев үйленуге ниет еткенімен, лайықты жарды жолықтырмағанын мәлімдеді.

 
Көрілді: 1910
Жаңартылған: 25.05.2018 | 16:16
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет