Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Men Qazaqpyn» телевизиялық жобасы жалғасады

17.05.2018 | 11:11
«Men Qazaqpyn» телевизиялық жобасы жалғасады

        Дәстүрлі «Men Qazaqpyn» телевизиялық жобасы биыл да жалғасын табады.  Оңтүстік Қазақстан облысында жобаға іріктеу басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы қолға алған байқаудың басты мақсаты — қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу.  

       «Ontustik» телеарнасының директоры Бауыржан Бердімұратовтың айтуынша күнгейден іріктеліп шыққан үш өнерпаз республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын болады.  Байқауға  18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады. Қатысушыларға қойылар талап та жоғары. Олар саxнаға заман талабына сай тігілген қазақы үлгідегі киіммен шығулары тиіс. Алғашқы іріктеу сайысы мамыр айының 17-сі күні Созақ пен Бәйдібек аудандарында басталады. Облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ғалия Аликенқызының айтуынша 5 маусым күні байқау облыстық деңгейде өткізіліп, аймақтан ән, күй, терме жанрлары бойынша 3 жеңімпаз тамыз айында республикалық жарысқа аттанады екен. «Men Qazaqpyn» жобасының республикалық айналымында жеңіске жеткен жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады. Жазушы Мархабат Байғұт аталған жобаның маңыздылығына тоқталып, ұлтымыздың тарихы мен дүниетанымының бір бөлшегі ән мен күй, термеде жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ жобаға бастамашы болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен  "Qazaqstan" РТРК" АҚ-ның  Басқарма төрағасы Ерлан Қаринге алғыс білдірді.

020304

 
Көрілді: 618
Жаңартылған: 17.05.2018 | 11:18
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет