Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Есекке мінген Бүркіт өсекке қалды

15.05.2018 | 17:03
Есекке мінген Бүркіт өсекке қалды

Әнші Бүркіт желіде «Загадай желание» фильмінің түсірілімі кезінде есекке мінген суретін жариялады. Алайда желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін жақтырмай, сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Бүркіт Instagram парақшасында есекке мінген суретін жариялап, үнемі белгілі бір тыйымдар аясында өмір сүретін адамның еркін жандарға қызығатыны жөнінде жазды.

Өз кезегінде желі қолданушыларының назары Бүркіттің даналық жазбасына емес, суретіне ауды. Олардың дені әншінің есекке мінгенін жақтырмай қалды.

«Қазақ есекке емес, тұлпарға, атқа мінген», «Жануарға да мейірімділік көрсету керек. Қайдағы бір селфи үшін оны қинап керек емес еді», «Аға, есекке жаныңыз ашымады ма? Мынау тым күш салу ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Десе де желідегі оқырмандарының тарапынан сыни пікірлер жауарын сезген Бүркіт өз жазбасында оларға алдын ала жауап берді.

«Айтпақшы, қазір «Өзіңіз осынша үлкен бола тұра, кішкентай есекке отырып алғаныңыз не?», «Байғұс есек», «Есекті аяймын», «Істейтін басқа ештеңе таппадың ба?» деген тәрізді пікір қалдыратындар табылады. Шын сөзім, есектің үстінде 10 секунд отырып, секіріп түстім», – деп жазды әнші.

06699

 
Көрілді: 554
Жаңартылған: 15.05.2018 | 17:12
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет