Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бекболат Тілеухан: "Қазтуғанның рөлін рахаттана сомдап жатырмын"

12.05.2018 | 08:17
Бекболат Тілеухан:

   Режиссер Рүстем Әбдірашов пен  продюссер  Арман Асенов  Оңтүстікте жүр. Шығармашылық топ күнгейде  «Қазақ елі»  туындысының жалғасын түсіру үшін арнайы ат басын бұрыпты. Нақтырақ айтқанда тарихи фильмнің 4,5 сериалы таулы өлке Түлкібас, Төлеби аудандары мен Ақсу өзенінің бойы, Арыс және Түркістан қалаларында түсірілмек.  Түлкібас ауданы Иірсу ауылы маңындағы жайлауда өтіп жатқан сьемка жұмыстарына журналистер де куә болып қайтты.

    Жалпы 10 сериядан тұратын туындының жалғасы «Алтын тақ» деп аталады. Әр сериалы 40 минутты құрайды. Фильмнің екінші маусымында Жәнібек таққа отырып, сол кезеңде ұлттың басына төнген көптеген шиеленісті мәселелерді шешеді. Фильмде Бекболат Тілеухан да төбе көрсетеді. «Бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір болған жыраулар қашанда елді бірлікке бастап отырған. Осындай жыраулардың бірі Қазтуғанның рөлін сомдау маған бұйырыпты. Жырау текетірес, жан-жақтан жау анталап тұрған кезеңде елді ымыраға шақырады. Қазтуғанды ойнау маған ешқандай қиындық туғызған жоқ. Себебі бала күнімнен оның жырауларын жаттап өстім. Қазтуғанның жыраулар менің шығармашылығыма үлкен әсер еткен. Сондықтан бұл рөлді рахаттанып ойнап жатырмын. Кино саласында 20 шақты эпизодтарға түскенмін. Ал Қазтуған әзірге  менің ең ұзақ ойнаған кейіпкерім болып тұр.  Жалпы фильмнің сценариі жақсы. Қалғанына көрермен өзі баға бере жатар»,- дейді қоғам қайраткері.  Режиссер Рүстем Әбдірашевтің айтуынша Түлкібастың табиғаты фильмнің желісіне сай келеді. «Табиғаттың өзі де қарасып тұр. Екі-үш күннен бері түсірілім жұмыстары тоқтаған жоқ. Осы ретте бізге қолдау білдіріп отырған ОҚО әкімдігіне алғыс айтамын»,- дейді Р. Жарасқанұлы.

  

     Қазіргі таңда  түсірілім жұмыстарына кәсіби актерлардан бөлек жергілікті тұрғындар да қатысуда. Бас аяғы 600-ге жуық адам тартылған. Патша көңілді көрермен асыға күткен туынды биыл желтоқсан айында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында экранға жол тартатын болады.

090

 
Көрілді: 667
Жаңартылған: 11.05.2018 | 23:22
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет