Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Гүлзира Айдарбекова: Келіндерім кеткісі келсе біржола жіберемін

08.05.2018 | 10:20
Гүлзира Айдарбекова: Келіндерім кеткісі келсе біржола жіберемін

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова жанұясында отбасылық дәстүрлердің жоғары қойылатынын және келіндерін өзі тексеріп алатынын айтты.

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біздің отбасымызда үйден кетіп қалу деген түсінік жоқ. Барлығымыз дәстүрді ұстаамыз және жақындарымыздың тыныштығын қалаймыз. Егер келін кетемін деп шешсе, ол біржола кетеді», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Айдарбекова отағасының ұрыс-керісті ұнатпайтынын айтты. Сондықтан балаларынан ұрыспауларын, ұрысқан жағдайда, онысын көрсетпеуін талап етеді екен.

Сондай-ақ, Қайраттың анасы ұлдарының үйленуіне келісім берер алдында келіндерімен жеке танысып, тәрбиесін тескеріп алатынын айтты.

30

 
Көрілді: 418
Жаңартылған: 08.05.2018 | 10:25
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет