Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мөлдір Әуелбекова: Димаш менің қарамағымда жұмыс істейді

04.05.2018 | 11:35
Мөлдір Әуелбекова: Димаш менің қарамағымда жұмыс істейді

Мөлдір Әуелбекова таяуда «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымның «Эстрада» бөлімінің басшылығына бекітілген болатын. Жаңа қызметке тағайындалған әнші алғашқы жұмыс аптасындағы қызықтарымен бөлісті деп жазады stan.kz.

Әуелбекова басшылық ететін бөлімдегі танымалдар жетерлік. Мөлдірдің қол астында қызмет ететін әншілердің атынан ат үркиді.

«Мен қазір ғана орнықтым. Енді біліп жатырмын. Димаш Құдайберген бар штатта, Тамара Асар әпкеміз бар. Алмас Кішкенбаев, Әлішер Кәрімов бар, «Назар» тобы бар», – дейді Әуелбекова.

«Бастық болған сезіледі. Жұмысқа барған кезде сезе бастадым. Мемлекеттік жұмыс болғаннан кейін, барлығы қағаз жүзінде. Қағаз толтыру бар. Әр түрлі хаттар жібереміз. Облыстық хаттар, тағысын тағы. Бұл өте мықты концерттік ұйымдардың бірі. Әрине, жұмыс сезіліп жатыр. Жиналыстарды енді-енді жасаймыз. Келе салып, барлығына талап қоб ол да дұрыс емес! Мен жаспын ғой. Қазір орнығып жатырмын. Барлығын біліп алайын, түсініп алайын. Сол кезде маған қандай жұмыстар жасау керектігін зерттеймін. Содан кейін барлығы түсінікті болады. Мен өзім негізі кішкентайымнан бастық боламын деп айтатынмын. Ауызыма салған шығар. Бұйырғанын болашақта көре жатармыз. Мүмкін жақсы жетістікке жетіп жатсам, мүмкін тек басшылық жұмыстарын атқарармын. Бүгін ауыз толтырып айта алмаймын. Мен анда-мында барамын деп. Болашақта шенеунік болып кетуім де мүмкін», – дейді Мөлдір.», – дейді әнші.

017

 
Көрілді: 962
Жаңартылған: 04.05.2018 | 11:46
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет