Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ет жақынынан айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды

03.05.2018 | 14:29
Ет жақынынан айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды

Жұбаныш Жексенұлы ет жақынынан айырылып, Астанадағы концертін кейінге қалдырды. Әншінің әкесі дүниеден озған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

“Қымбатты қазақ өнерін қадір тұтқан, халайық! Алланың бұйрығымен, жезтаңдай әнші Жұбаныш Жексенұлының дүниеге келуіне себепкер болған асқар тау әкесі фәни дүниеден озды. Алла тағала мейіріміне бөлеп, панасына алғай”, – дейді Майғазиев.

Айта кетейік, Жұбаныш Жексенұлы 5 мамыр күні Астанада концерт беруі тиіс болған. Әнші ән кешін кейінге қалдырып, алдыңғы концерт билеттерінің жарамды екенін хабарлады. Алайда кейінге шегерілген концерттің қай күні өтетіні белгісіз.

13

 
Көрілді: 10149
Жаңартылған: 03.05.2018 | 14:33
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет