Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мейрамбектің домбырасын Кенжебек көтеріп жүр

25.04.2018 | 14:41
Мейрамбектің домбырасын Кенжебек көтеріп жүр

Ұлық болсаң, кішік бол! “Музарт” тобында жүргеніне 14 жыл болса, Кенжебек Жанәбілов кішіпейілділікті жанына ту еткен. Ол өзін өнер көшіне ілестірген ағаларының алдында мәңгі қарыздар екенін біледі. Олардан ешқашан асып түспейді немесе жолын кеспейді. Тіпті, жүрген жерінде Мейрамбек Бесбаевты домбырасын көтеріп жүреді екен. Бұл туралы Stan.kz жазады.

“Мейрамбек ағамыздың домбырасын кез келген жерде ұстап жүремін. Әуежайда, басқа жерде болсын. Сонда адамдар: «Неге ұстап жүресің? Әлде қорыққандықтан ба? Қазір «Музартқа» еңбегі сіңген азаматсың ғой» деп жатады. Енді 13 жыл деген де оңай емес. Мен айтамын, неге ұстамасқа? Сол домбыраны ұстауды армандап жүрген қаншама өнерпаздар бар?! Одан менің дәрежем түсіп қалмайды не болмаса кішірейіп қалмаймын. Керісінше көтерілмесе?! Қазір, шыны керек, үшеуміздің де дәрежеміз бірдей деп ойлаймын",- дейді Кенжебек өз сұхбатында.

 

Kenjebekjan1

 
Көрілді: 807
Жаңартылған: 25.04.2018 | 14:55
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет